Күршімдегі "Қызыл Ту" өткелінен мұз үстімен өтуге болмайды
Өткен аптада ауа райы жылы болғандықтан мұз еріп, үстінде жарықтар пайда бола бастаған

Бұл көлікпен мұз үстінен өтуге қауіпті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ауа райының күрт жылынуы, мұзда жарықтардың пайда болуына және өткел бетіне еріген қар суы шығып кетуіне орай, жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін 2023 жылдың 11 қаңтарынан бастап "Қызыл Ту" өткеліне "жүруге тыйым салынады" деген белгі қойылды, - делінген "ОблШығысЖол" ЖШС ақпаратында. - 11 қаңтардан бастап облыс орталығымен қатынас Үлкен Нарын, Алтай арқылы жүзеге асады.
"Қызыл Ту" өткеліндегі мұз арқылы жол ашылған жағдайда қосымша хабарлатын болады.