Күршім ауданында жаңа мешіт ашылды
Күршім ауданының Сарыөлең ауданында мәуліт айының берекелі күндерінің бірінде жаңа мешіт ашылды
Жиылған жұрт құлшылық үйін салған жомарт азаматтарға ризашылықтарын білдірді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Сарыөлең ауылдық мешітінің ашылу салтанатына, ҚМДБ ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы және аудан әкімі Алмат Талғатұлы, өңірге белгілі ақсақалдар, қайраткерлер қатысты.
Бүгін ежелден берекелі Күршім ауданы Сарыөлең ауылында көрікті жаңа мешіт ел игілігіне беріліп отыр. Бұл халық үшін, ел-жұрт үшін үлкен игі іс. Енді Сарыөлең халқы өз мешіттерінде намаз өтеп, жұма оқып, дәріс алып, имандылық жолында тәлім алады. Бұл осы халықтың тілеуінің арқасы, - дей келе, жиналған халықты құттықтады ҚМДБ ШҚО бас имамы Ермек Қасболатұлы.
Жиында сөз алған Күршім ауданы әкімі Алмат Талғатұлы халықты жаңа мешіттің ашылуымен құттықтап, бұл игі іс ұлттық құндылықтарды ұлықтау, жат ағымдардан сақтану, жастардың адамгершілік құндылықтарға жақындауына зор рол атқаратындығын ерекше атады.