Марқакөлдегі дәрігерлер үшін үй салынбақ
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына Марқакөлде дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қысқа мерзімде шешу тапсырылды
Күршім ауданындағы Марқакөл шекара маңы аумақтарын дамыту бағдарламасына кіреді және бұл ауылға ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі облыс әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйеніп.
ШҚО әкімі Даниал Ахметов ауданның жаңа әкімі тұрғындармен бірлесіп, кезең-кезеңімен шешілетін басым міндеттер мен проблемалармен жоспар құруы тиістігін атап өтті.
Мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығына Марқакөлде дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін қысқа мерзімде шешуді тапсырдым, ауылдағы перзентхана бөлімшесі заманауи жабдықтармен жабдықталған. Босандыру жүйесінде екі маман жетіспейді. Олар үшін біз қысқа мерзімде үйлер саламыз, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов. - Мен дәрігерлер үшін Марқакөл ауылында екі үй салуды тапсырдым.
Одан өзге, облыс басшыаы ауылдағы туризмді дамытқысы келетіндерге қолдау көрсетілетіндігін де атап өтті.
Ауыл тұрғындары арасында туризмді дамыту танымал екені қуантады, көбісі қонақ үйлер салуда. Өз тарапымыздан осындай бизнесті ашуға гранттар бөлуге дайынбыз. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту бағдарламасы адамдардың ауылдардан кетпеуіне, керісінше, онда жұмыс пен мүмкіндіктер бар екенін білуіне бағытталғанын атап өткім келеді, - деді ол.
Айта кеткен жөн, қараша айының соңына қарай Марқакөл ауылында заманауи спорттық құрал-жабдықтары бар денешынықтыру-спорт кешені пайдалануға беріледі. Жалпы үш жыл ішінде бұнда жолдарды жөндеуге 305 миллион теңге қаражат бөлінген, жұмыстар жалғаса бермек.