Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршімде жанармай шектеулі мөлшермен сатылып жатыр

Бір ай бұрын Күршім ауданында бензин тек талонмен сатыла бастаған еді. Қарапайым халық жанар-жағармай таппай сенделіп қалған. Бүгінгі ахуал қандай?

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Күршімде жанармай шектеулі мөлшермен сатылып жатыр
Фото:
автордікі

Күні кеше Күршім ауданына барып, ондағы кейбір ЖҚС-тарында әлі күнге дейін бензинді тек талонмен сатып отырғанын өз көзімізбен көріп қайттық, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бензин жоқ. Тек талонмен сатылып жатқанына бір айдан астам уақыт болды. Бүкіл Күршімде осылай, - деді Күршім ауылына кіре берістегі ЖҚС-тардың бірінің сатушысы.

imgonline-com-ua-Resize-07CjJNWlK57gPwx.jpg

Жол-жөнекей тұрған ЖҚС-тардың терезесінде "Бензин жоқ" немесе "Бензин тек талонмен" деген жазу ілінген.

Жанармай Самарға дейін бар, ал паромнан бері өткенде таппай қаламыз. Күршім ауданында жұмыс істеп жатырмыз. Бензин қажет, сол үшін Өскеменнен тасып жүрміз, - дейді жүргізушілердің бірі Мадияр Смағұл.

Ал Зайсанға паром арқылы өтіп жүргендердің бірі жанармайы таусылып жолда қалып, жаны қысылғанда Күршімдегі ЖҚС-тардың бірінен бензиннің литрін 400 теңгеден алғанын айтып еді.

Алайда Күршім ауданындағы Кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Ришат Искаков ауданда жанар-жағармай мәселесі әу баста шешім тауып, қазір бензин шектік мөлшермен сатылып отырғанын айтады.

Күршім ауданындағы ірі жанармай бекеттері жоқ, тек шағын жеке кәсіпкерлер сатып отыр. Павлодардағы мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына жабылғанда, шілде айында бензин жетіспеушілігі мәселесі туындады. Мәселені шешу бойынша жұмыстар жүргізілді. Шілде айының аяғынан бері ауданда бензин талоны жоқтарға шектеулі мөлшерде сатылып келеді. Яғни, жанармай бекетіне келген адамға 10 литрден беріледі. Бағасы 182 теңгеден, - деді Ришат Дәулетханұлы.



Следующая →