Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қауіпсіздік шараларына салғырттық салдарынан сауда нысандарында жиі өрт шығады

Күршім ауданында өрт сөндірушілер Бунтовский көшесіндегі жеке тұрған дүкеннен шыққан өртті сөндірді

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Қауіпсіздік шараларына салғырттық салдарынан сауда нысандарында жиі өрт шығады

Отқа оранған дүкенде өнеркәсіптік тауарлар, төбе, витриналар өртенді. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 20 ш.м. өртті сөндірді, Өрттің алдын ала шығу себебі ретінде мамандар электр сымдарының қысқа тұйықталуын қарастырып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

Жыл басынан бері облыстың сауда нысандарында 17 өрт болды. ШҚО ТЖД мамандарымен өрт-техникалық тексеру жүргізу кезінде 11 сауда объектісінде 50-ге жуық бұзушылық анықталды. Бұзушылық үшін 7 тұлға жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 4-іне 160 355 теңге айыппұл салынды. Өрт қауіпсіздігін сақтамауда көбінде электр сымдарындағы ақаулар, электр жабдықтарының авариялық режимі, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санының болмауы және автоматты өрт дабылында ақау болуы кездеседі", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин. 

 Серік Амангелдин Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңына сәйкес кәсіпорын басшылары өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлеп, жүзеге асыруы, өрттерді сөндіру кезінде жәрдем көрсетуі, туындаған жанулар, қолда бар өртке қарсы қорғау жүйелері мен құралдарының ақаулары туралы өртке қарсы қызметке дереу хабарлауы қажет екенін еске салды.

ШҚО ТЖД кәсіпкерлерге өз мүлкін оттан қорғау үшін келесі ережелерді сақтауды ұсынады: 

  • Өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзушылықтарын уақытында жою; 

  • Объектілерде ашық отпен жұмыс жасауда,темекі шегуде немқұрайлыққа жол бермеу;

  • Алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санын қамтамасыз ету; 

  • Электр сымдарының және автоматты өрт дабылының жарамдылығын қадағалау;

  • Өрт кезінде 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарласу.

Следующая →