Өскемен
пасмурно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +13°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +4°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
477.37
-2.05
460.38
-7.53
¥
66.64
-0.71
8.27
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршімдегі алтын барлайтын компания жұмысы уақытша тоқтатылды

Күршім ауданы Маралды ауылындағы алтын барлау және өндіру ісімен айналысатын компания жұмысы уақытша тоқтатылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Күршімдегі алтын барлайтын компания жұмысы уақытша тоқтатылды
Фото:
Күршім ауданы әкімдігінен

Естеріңізге сала кетейік, Маралды ауылының тұрғындары Күршім өзенін ластап, көк майса жерді қопарып жатқан беймәлім компанияның жұмысына наразылық білдіргенін бұған дейін (2022 жылдың 19 мамырында жарық көрген №20 санында) жазған болатынбыз. Тұрғындардың наразылығын ести сала Маралды ауылының әкімі Досым Алтайұлы оқиға орынына жетіп, халықты сабырлықа шақырып, екі мәселені атап өткен еді.

Ең бірінші мәселе – жол мәселесі. Жол "ОблШығысЖол" ЖШС-ның қарамағында. Жол ортақ, ешкімнің меншігі емес. Ауылға апаратын жалғыз жол болған соң ол жолмен кім өтсе де өзі біледі. Ал өтіп жүрген үлкен жүк көліктерінің бәрінде арнайы рұқсат қағаздары бар. Ешкімнің тосқауыл қоюға құқы жоқ. Екінші мәселе - ауылға алтын өндіру фабрикасын салу болатын. Қазіргі таңда ШҚО Экология департаментінің шешімін күтіп отырмыз. Департаменттен рұқсат қағаз келген соң оны министрлікке жолдаймыз. Егер олар құптап, рұқсаттарын берсе, қоғамдық тыңдауға саламыз. Яғни, бәрі заң жүзінде өтеді, - деген еді Маралды ауылының әкімі Досым Алтайұлы.

Ауыл әкімінің сөзіне сенсек, ауылдағы екі бірдей мәселе маусым айының ортасына дейін шешілуі керек болған. Десе де маусым айының ортасы болды, мәселе шешімін тапқан жоқ. Сол үшін де жергілікті халық қазба жұмыстары жүріп жатқан орынға барып, басшылықтары келіп істің анық-қанығын түсіндіргенше жұмысшылардан жұмысты тоқтатуды талап етуде. Ал Маралды ақсақалдары елордаға барып, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саировтың қабылдауында болды. Іс-шараға ҚР экология министрлігінің Экологиялық реттеу комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов, ҚР Индустрия министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары Данияр Қоспаев, Бас Прокуратура өкілі Саида Жекебаева қатысқан. Кездесу барысында Маралды ауылындағы алтын өңдіруші «Maraliha Gold» компаниясының іс-әрекеттері талқыланған. Ауыл жұртшылығы кездесу барысында алтын өндірушілердің жұмысына үзілді-кесілді қарсы екендерін жеткізді.

Жалғыз Күршім емес, жалпы шығыста табиғатымыздың қандай әсем екенін білесіздер. Сол жердегі алтынды заңсыз және заңды өңдеп жатқан мекемелерге қатысты бірнеше мәселе бар. Осыған байланысты Маралды ауылының тұрғындарымен кездесу өткіздім. Мен Маралды халқының заңды мүдделерін толық қолдайтындығымды жеткіземін. 22-ші маусым күні қоғамдық тыңдау болады, министрлік өкілдері жұртшылықтың уәжін тыңдау үшін сол тыңдауға қатысуға барады. Мен өз тарапымнан бұл мәселенің әділеттілік принциптеріне сәйкес шешілуін қадағалайтын боламын, - деген еді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.

Міне, күні кеше Маралды ауылдық округі тұрғындарымен алтын барлау және өндіру ісімен айналысатын компания жұмысына байланысты қоғамдық тыңдау өткізілді.

Күршім ауданы әкімдігі мәлімдегендей, қоғамдық тыңдауға жалпы саны 400 ден астам адам қатысты, оның ішінде: Астана, Алматы, Өскемен, Күршім, Сарыөлең, Бурабай, Қойтас, Теректібұлақ ауылдарындағы Маралды ауылының тумалары, Қыстау-Күршім, Үшбұлақ, Маралды ауыл тұрғындары, зейнеткерлер, кәсіпкерлер, онаурызшылар, орман шаруашылығы мен мектеп мұғалімдері және жұмысшылары, ветеринария қызметкерлері, жастары, ауыл белсенділері мен мәслихат депутаты болды.

imgonline-com-ua-Resize-MyTkYRPaOg48x.jpg

Халықпен кездесуге Қазақстан Републикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министірлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Жолдасов Зұлфұхар Сансызбайұлы, ШҚО әкімінің орынбасары Нұрбаев Ержан Ақтанұлы, аудан әкімі Қажанов Дулат Зайсанбекұлы және басқа да сала басшылары мен мамандары қатысқан.

Жиында сөз алған ауыл тұрғындары алтын өндіретін фабриканың салынуына келіспейтіндерін айтып, өз ойларымен бөлісті, - деп жазды аудан әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. - Компания экологтары да өз уәждерін алға тартып, зиянды қалдықтар арнайы ыдыстарда сақталып, жойылатынын, одан табиғатқа ешқандай залал келмейтінін түсіндіруге тырысты. Үш сатылы сүзгі пайдаланылып, заманауи технология күшімен істелетін жұмыс барысы қауіпсіздігі жоғары болып есептеледі. Алайда жергілікті тұрғындар оған сенбейтіндерін, қауіпсіздігіне көздері жетпей тұрғандарын айтып, фабриканың салынуына қарсылықтарын білдірді. Арнайы жұмыс тобы тараптарды тыңдап, тұрғындардың негізгі сұрақтары бойынша тексеру-сараптау жұмыстары белгіленетінін, оның қорытындысы бір айдың ішінде шығатынын мәлімдеді. Қандай да бір шешім шыққанша компания жұмысы уақытша тоқтатылатын болды.


Следующая →