Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +13°
$
522.49
-5.82
601.07
-7.28
¥
73.34
-0.85
6.47
-0.08
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршім ауданында жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?

Күршім ауылындағы №1 және №5 жылу қазандығы мен жылу желілерін жаңарту жұмыстары аяқталуға жақын

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Күршім ауданында жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Күршім ауданының әкімі Мейіржан Әлбеков жөндеу жұмыстары бойынше есеп берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Күршім ауылындағы №1 (аурухана) орталықтандырылған жылу қазандығын қайта жаңарту жобасының құны -187,3 млн теңге. 2025 жылы 227,7 млн теңге игерілді. Бүгінгі күні жобаға сәйкес 3 қазандық сатып алынды, барлық жабдықтар жеткізілді. Қазандық ғимаратының төбесін ашу және ескі қазандықтарды бұзу жұмыстары аяқталып, 3 қазандықты қою жұымыстары атқарылуда. Жұмыс 65 пайызға аяқталды. Ал осы №1 жылу қазандығының жылу желілерін қайта жаңартуға 335,2 млн теңге қарастырылса, 2025 жылы 8,8 млн теңгесі игерілді. Бүгінгі күні жобаға сәйкес 3 шақырым жылу желісі салынды. Жұмыс 100 пайызға аяқталды, - дейді аудан әкімі. - Күршім ауылындағы №5 (әкімдік) орталықтандырылған жылу қазандығын қайта жаңарту жобасының сомасы – 333,8 млн теңге, 2025 жылы 7,1 млн теңге игерілген. Бүгінгі күні жобаға сәйкес 5 қазандық сатып алынды, барлық жабдықтар жеткізілді, 3 қазандық орнатылды, енді 2 қазандық орнатылады. Жұмыс 80 пайызға аяқталды. №5 жылу қазандығының жылу желілерін қайта жаңарту жобасының жалпы сомасы – 240,7 млн теңге, 2025 жылы 17,8  млн теңге  игерілген. Бүгінгі күні жобаға сәйкес 2,2 шақырым жылу желісінің 2,1 шақырымы салынды. Жұмыс 95 пайызға аяқталды. Жоба аяқталғаннан кейін 9 көп пәтерлі тұрғын үй, 1 балабақша, 1 мектеп, 10 мемлекеттік мекеме және коммерциялық мекеме орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады.

Осы орайда айта кеткен жөн, ауданға 27 293 тонна тас көмір қажет:

  • әлеуметтік нысандар мен коммуналдық кәсіпорындарға 6 619 тонна;
  • "Күршім" коммуналдық мекемесіне 7473 тонна;
  • білім беру нысандарына 1680 тонна;
  • денсаулық сақтау мекемелеріне 37 тонна;
  • тұрғындарға 19 290 тонна.

Бүгінгі күні тұрғындар мен бюджеттік ұйымдардың 85 пайызы көмірмен қамтамасыз етілді. Күршім ауданының тұрғындары мен жылу көздері үшін көмір дайындау ерекше бақылауда, - дейді аудан әкімі.

Следующая →