Өскемен
облачно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +9°
  • Астана
    -4°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -7°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    -5°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +11°
$
521.9
-1.30
593.5
-0.80
¥
71.47
-0.20
6.39
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Маралды маңындағы автожол бөлігі тағы да бүлінді

Көктем сайын Маралды ауылының жанынан өтетін автожол учаскелерінің бірі маусымдық табиғи факторлардың әсерінен бұзылады

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Маралды маңындағы автожол бөлігі тағы да бүлінді
Фото:
Устинка LIVE

Биыл да Күршім – Қалжыр – Маралды тас жолының бөлігінде жағдай қайаланып, жолды су шайып кетті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мамандардың айтуынша, оқиға орнына арнайы техникамен жабдықталған жөндеу бригадасы жедел жеткен. Зақымданған жерлер маусымдық жоспарлы жұмыстар аясында тез арада қалпына келтірілді. Бұл жұмыстар жол қозғалысының қауіпсіздігін және инфрақұрылымның сақталуын қамтамасыз ету үшін дәстүрлі түрде жүргізіледі.

Күршім – Қалжыр - Маралды жолының жалпы ұзындығы 75 шақырымды құрайды. Соның ішінде тек 12 шақырымына асфальт төселген, қалған бөлігіне шағыл тас төселген. Биыл бұл жолға орташа жөндеу жүргізуге 894 миллион теңге бөлінді: 12-ден 27-ші шақырымға дейінгі аралыққа асфальт төсеу жоспарланған. Бұл жұмыстар басталып кеткен және маусым соңына дейін аяқталуы тиіс.

Көктемде жолдың 28-шақырымы бүлінген, бұл орташа жөндеу жүргізілген учаскеден тыс. Яғни, орташа жөндеуге бөлінген қаражат бұл жерге жұмсалмайды. Жөндеу облыстық маңызы бар жолдарды ағымдағы күтіп ұстауға қарастырылған қаржы есебінен жүзеге асырылды. Бұл қаражат облыс бойынша ұзындығы 1,5 мың шақырым болатын жолдар желісіне бөлінеді.

Следующая →