Күршімде 30 жылға жуық жұмыс істемей тұрған қазандық іске қосылды
Күршім ауданында 30 жылға жуық жұмыс істемей тұрған "Қазпошта" қазандығы қайта іске қосылды
Жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде тұрғын үйлер мен мекемелерге уақытында жылу берілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілішісі.
Ағымдағы жылдың 15 қазанынды қазандық жұмысы қайта жанданып, бұл №4 орта мектебі мен және Духович көшесі 18, Б. Момышұлы көшесі, 18 және 20-шы көпқабатты үйлерді жылумен қамтуға мүмкіндік берді.
Қазандықтың іске қосылуы көп жылдар бойы пеш жағып, көмір мен отын сатып алып отырған тұрғындар мен мектептің жағдайын едәуір жақсартты.
Отыз жыл бойы біз пеш жағып, көмір мен отын сатып алып отырдық. Қазір орталық жылу жүйесіне қосылып, үйіміз де жылы, қалтамызға да салмақ түспейтін болды, - дейді жергілікті тұрғындар.
Айта кету керек, 2023 жылы №1 қазандық жөндеуден өтіп, оған екі көпқабатты үй мен "Күршім" балабақшасы қосылған.