Курчатов қаласына 75 жыл
Курчатовтықтар қала күнін кең көлемде атап өтті
Мерекелік бағдарлама екі күнге жалғасты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Таңертеңнен бастап ұлттық спорт түрлерінен жарыс, квест-ойындар өтсе, жастарға арналған кешкі бағдарлама да ұйымдастырылды.
Бұған дейін Курчатовқа ғылыми қала статусын беріп, ЖОО ашу сұрағы көтерілген болатын. Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев атап өткендей, қаланың ғылыми-практикалық әлеуеті, адами ресурстары, тәжірибелік алаңдар, қалыптасқан халықаралық қатынастар отандық ғылымды дамытуға мол мүмкіндік береді.
Айта кетейік, құрылу тарихы Кеңес заманынан бастау алатын Курчатов қаласы, қазіргі таңда Қазақстанның басты ядролық физика орталығы болып отыр.