Курчатов қаласында жаңа құрылыстар көбеюіне байланысты қазандықтардың қуаты жетпей қалу мүмкін
Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаев сапары барысында "Курчатов көпсалалы пайдалану кәсіпорны" МКК №1 қазандығында болды
Мұнда облыс әкімі жаңа жылу көзінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысының әкімдігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Курчатов қаласында 78 тұрғын үйді және 44 заңды тұлғаны жылумен қамтамасыз ететін 4 қазандық бар. Алдағы уақытта бірнеше құрылыстар мен қалпына келтірілген тұрғын үйлерді пайдалануға беруге, сондай-ақ балабақшаны қайта жаңғыртуға байланысты қаладағы қазандықтардың қуаты жеткіліксіз болады. Сол үшін жаңа қазандық салу жобасының негіздемесі мен құжаттамасы дайындалды. Бұл жоба қаржыландырудың болмауына байланысты жүзеге асырылған жоқ. Болжанатын қуаты 45,0 Гкал/сағ, қаланың жылу желілерін қайта жаңарта отырып, бірыңғай жылу көзі құрылысының ЖСҚ әзірлеу қажет.
Бүгінгі таңда біздің басты проблемамыз - 20 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келе жатқан мұржа. Бюджеттік өтінім қалыптастырылды және берілді. Сондай-ақ, отынның нормативтік қоры бойынша мәселе. Бұл бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деді қазандық өкілдері.
Өңір басшысы проблемалық мәселелерді бақылауға алынатындығын атап өтті.