Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Абай облысында ұлттық спорт ойындарының орталығы ашылды

Бұл орталықта қазір бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге алу, садақ ату, асық ату сынды түрлі үйірме жұмыс істейді

Усть-Каменогорск и ВКО / Кокпекты (Кокпектинский р-он) / Абай облысында ұлттық спорт ойындарының орталығы ашылды
Фото:
depositphotos.com

Жергілікті тұрғындардың ұсынысы бойынша Көкпекті ауданында Ұлттық спорт ойындары орталығы ашылып отыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Орталықтың негізгі мақсаты - тұрғындар арасында ұлттық спорт түрлері мен ойындарын насихаттау және сапасын арттыру. Сондай-ақ, спорттық іс-шаралар мен турнирлерді ұйымдастыру, жас спорт дарындарын анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінде Ұлттық спорт ойындары орталығында бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге алу, садақ ату, асық ату сынды түрлі үйірме жұмыс істейді.

Орталықтың салтанатты ашылуы аясында "Толағай" ұлттық ойындардың облыстық фестивалі өтті. Бұл фестивальде көкпар, топ бәйге, аламан бәйгеден командалық жарыс ұйымдастырылды.

Следующая →