Көкпекті ауданындағы бір ауылға кәсіпкер дәрігерлік амбулатория салып жатыр
Көктемде басталған құрылыс күзде аяқталады деп жоспарлануда
Фото:
Көкпекті ауданы әкімдігінен
Биыл Үлкенбөкен ауданының халқы жаңа дәрігерлік амбулаторияда ем қабылдайтын болады.
Үлкенбөкен ауылында жергілікті кәсіпкер, жомарт азамат Ринат Солтабаев өз қаражаты есебінен жаңа дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысын бастады, - деп хабарлады Көкпекті ауданы әкімдігі.
Ғимарат құрылысы ағымдағы жылдың мамыр айында басталған болатын. Құрылысшылардың айтуы бойынша құрылыс жұмыстары қазан-қараша айларында толық аяқталып, қолданысқа берілетін болады.