Көкпекті ауданының 5 ауылы ауыз сумен қамтылады
Сонымен қатар, тағы төрт ауылды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен қаржы бөлінген
Қазіргі таңда бес ауылға су тарту жұмыстарымен айналысатын мердігер анықталған, деп хабарлайды Устинка LIVE Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды, - делінген ақпаратта. - "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында ағымдағы жылы Көкпекті ауданының Биғаш, Шұғылбай, Шәріптоғай, Мамай, Қараймойыл атты 5 елді мекені таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні аталған ауылдарға таза ауыз су тарту бойынша барлық конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер компания анықталды.
Сонымен бірге, Ақой, Толағай, Үкілі қыз, Ажа ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, жобалық сметалық құжаттама дайындалуда.