Көкпекті ауданынан Өзбекстанға ірі қара мал экспортқа шығарылды
Алғаш рет бордақылау алаңынан Өзбекстанға 700 бас ірі қара мал экспортқа жөнелтілді
Олар Ташкент облысына жеткізіліп, қайта өңдеуден өтеді. Көршілес ел Қазақстаннан келген табиғи таза еттен таза өнімдерді шығармақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
Біз Өзбекстан елімен 2019 жылы келісімшартқа отырдық. Бүгін алғаш рет экспортқа орта есеппен салмағы 600-700 кг болатын ангус, симментал, герефорд сияқты асыл тұқымды ірі қара малдарды жөнелттік. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы әр жолдауында ауыл шаруашылығын бір жола қолға алып, дамытуды айтып келеді. Осы мақсатта біз алдағы жылы мал санын арттырып, Иран, Қытай, араб елдеріне экспортқа шығуды жоспарлап отырмыз, - дейді "Елім-ай" шаруа қожалығының басшысы Болат Бекбердинов.
"Елім-ай" шаруа қожалығы Қазақстандағы ең үлкен шаруашылықтардың бірі. Мал шаруашылығымен бірге егін шаруашылығымен де айналысады. Осылайша, шаруа қожалығы Абай облысы Көкпекті ауданының экономикасының дауына үлкен үлес қосады.