ШҚО-да асфальт-бетон дайындайтын өндіріс орны ашылады
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында жаңа өндіріс орнын ашу жоспарланған
Фото:
фото Самар әкімдігінің әлеуметтік желісінен
Самар ауылында «АСФАЛЬТ-БЕТОН» өндіру өндіріс орынын салу бойынша халықтық талқылау өтті.
Талқылауға Самар ауданы әкімінің орынбасары Д. Ордаханов, «ОблШығысжол» ЖШС-нің қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты.
«ОблШығысжол» ЖШС қызметкері Арай Талғатқызы жалпы өндіріс орны туралы ақпараттар ұсынды. Болашақта өндіріс орны салынса жаңадан 20 жұмыс орны ашылаты туралы айтты.
Ауыл тұрғындарын зауыттың құрылысы қоршаған ортаға зиян тигізбесе деген бір ғана сұрақ мазалады.