Өскемен
облачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +5°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +7°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    -4°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +11°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    +13°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +13°
$
526.02
607.55
¥
73.87
6.5
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағай ауданында жұмыс істеуге Астана мен Шымкенттен дәрігерлер келді

Катонқарағай ауданындағы дәрігер тапшылығы мәселесін шешу үшін басқа қалалардан мамандар шақыртылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Катон-Карагай (Катон-Карагайский р-он) / Катонқарағай ауданында жұмыс істеуге Астана мен Шымкенттен дәрігерлер келді
Фото:
Устинка LIVE

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың тапсырмасымен шалғайдағы аудандарға дәрігер мамандарды тарту бағдарламасы аясында Астана, Шымкент қалаларынан аудандық ауруханаға 7 маман жұмысқа келді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ауылдарда халық санын азайтпас үшін өмір сапасын жақсарту қажеттігі белгілі. Осы ретте медицина қызметтерінің қолжетімді болуының маңызы зор.

Хирург, терапевт, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелік дәрігер, көз, реаниматолог дәрігерлер аудан медицинасының әлеуеті мен тұрғындар санының артуына үлес қосуда. Мемлекеттік қолдау шараларынан бөлек, ақ халаттылар жергілікті әкімдік тарапынан тұрғын үймен қамтылды, - деп мәлімдеді ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. - Бұдан бөлек, биыл қазан айында Шымкент қаласында өткен "Бос жұмыс орындары" жәрмеңкесінің нәтижесінде Шымкенттен 68 отбасы, Сарыағаш ауданынан 24 отбасы Катонқарағайға көшіп келуге ниет білдіріп отыр.

Жалпы 2025 жылы қоныс аудару бағдарламасымен еңбек күші артық өңірлерден Катонқарағайға аймақтық квота шеңберінде 9 отбасы, барлығы 24 адам қоныс аударған.

Следующая →