Заңсыз балық аулаған ұландықтар ұсталды
ШҚО полицейлері уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулау фактісін анықтады
Полиция қызметкерлері "Уылдырық шашу" жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында балық ресурстарын заңсыз аулап жүрген Ұлан ауданының тұрғындарын ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ПД ақпаратына сүйеніп.
Тәртіп сақшылары автокөліктерді тексеру кезінде жүк салғыштан 20 келіден астам ақжелкен, сондай-ақ екі келі көксерке балығын тауып, тәркілеген. Достар балық аулауға арналмаған жерде, оның үстіне профилактикалық рейдтер жүріп жатқан уақытта балық аулаған, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Енді құқықбұзушылар 10 және 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
ЖПІШ барысында және балық ресурстарын көбейту кезеңінде, яғни 16 сәуірден 30 мамырға дейін Шығыс Қазақстан облысында балық аулауға тыйым салынғанын естеріңізге сала кетейік.