Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы үздік ауыл мектебінің екі оқушысы ЖОО грантын жеңіп алды

Ұлан ауданы Р. Мәрсеков атындағы орта мектептің 11-сынып оқушылары Алматыдағы СДУ-дың грантын жеңіп алды

Усть-Каменогорск и ВКО / пос. Касыма Кайсенова (Уланский р-он) / ШҚО-дағы үздік ауыл мектебінің екі оқушысы ЖОО грантын жеңіп алды
Фото:
Ұлан ауданы әкімдігінен

Айта кетейік, Р. Мәрсеков атындағы орта мектебі 2023 жылдың "Үздік ауыл мектебі" атанған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университеті (SDU) жыл сайын өткізетін SPT олимпиадасынан Қуаныш Мұхаметжан мен Сырым Жандосұлы жеңіспен оралды.

Олимпиаданың екі кезеңінен жинаған 82 балмен грантқа ие болдым. Сүлеймен Демирел университетінің "құқықтану" мамандығына түсуді мақсат етіп едім. Сол қалауым орындалғанына қуаныштымын, – дейді Сырым Жандосұлы.

Ал олимпиададан 83 балл алған екінші грант иегері Қуаныш Мұхаметжан ҰБТ да тапсырып, "халықаралық құқық" мамандығына түсуге ниетті.

Ұлан ауданындағы Р. Мәрсеков орта мектебі "Ауыл мектебі рowered by NIS" жобасына 2019 жылы қосылды. Мониторинг нәтижесі бойынша қазір мектептегі білім сапасы жақсарып, облыстық және республикалық олимпиада жеңімпаздарының саны екі есеге артқан.

Балаларымыз жүлделі орындарға ие болған олимпиадалардың қорытындысы бойынша біз "2023 жылдың үздік ауыл мектебі" атандық. Бұл – бәріміздің ортақ жеңісіміз. Жоба аясында жасалған бағдарлама мен оқу жоспарларының арқасында мақсатымызға жеттік, – дейді мектеп директорының орынбасары Қарлығаш Ілиясова.

Следующая →