Әйелін қорқытпақ болған ШҚО тұрғыны 2 жылға бас бостандығынан айырылды
Ұлан ауданының тұрғыны полицияға жалған хабарлама бергені үшін екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды
ШҚО тұрғыны әйеліне сабақ болсын деп, ерекше жоспар құрған. Көліктің меншік иесі болып табылатын әйелі күйеуінің көлікті көп пайдаланатынына наразы болып, араларында жанжал туындаған. Осыдан кейін ер адам көлік ұрланғаны туралы өтірік ойлап тапқан.
Ер адам жағдайдың салдарын ойламай, болжамды қылмыс туралы қасақана жалған хабарлаған. Сол үшін ол екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын алды. Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-ның 419-бабы (Көрiнеу жалған сөз жеткiзу) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ресми түрде ескертілген.
Қазіргі уақытта сотталған ШҚО Ұлан аудандық пробация қызметінің есебінде тұр. Азаматпен қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сотталған жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын қатаң бұзбайтынын, әйелімен алдағы уақытта олай қалжыңдаспайтынын айтты, – дейді ШҚО бойынша ҚАЖД Ұлан аудандық 1-пробация қызметінің аға инспекторы Шынар Баймуратова.