Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жаңа Қанай ауылындағы психикалық орталық үшін жаңа ғимарат салынады

Оның атауы да өзгеріп, Жаңақанай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына айналады

Усть-Каменогорск и ВКО / пос. Касыма Кайсенова (Уланский р-он) / Жаңа Қанай ауылындағы психикалық орталық үшін жаңа ғимарат салынады
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Ұлан ауданының Жаңа Қанай ауылындағы психикалық денсаулық орталығының ғимараты 1947 жылы салынған, оның жөндеудің еш негізі жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімдікі ақпаратына сүйеніп.

Қазір орталықтың корпустары мүлдем жарамсыз. Ғимараттар ескірген, заманауи талаптарға сәйкес келмейді. Билік 1947 жылғы ғимараты жөндеу негізссіз, жаңасын салу керек деп шешті.

Орталық қамқорлық пен күтімді қажет ететін психикалық ауытқулары бар адамдардың ем алатын орны және шағын ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отырған жер. Ұйымда 102 адам жұмыс істейді, олардың барлығы Жаңа Қанай ауылының тұрғындары. Үш дәрігер, орта медициналық қызметкерлерден 28 маман, қалғандары техникалық қызметкерлер. Жаңа Қанай ауылында барлығы 465 адам тұрады. Яғни, әр отбасының бір мүшесі осы орталықта қызмет етеді, - дейді ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Қазір бұл мекемеде 50 адам ем қабылдап жатыр. ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазір мекемеге 125 адам кезекте тұр. Алайда корпустар осыншама көп адамды қабылдай алмайды. Ал енді жаңа салынатын ғимарат 140 орындық болады.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Ұлан ауданына жұмыс сапары барысында орталыққа барып, "қысқа мерзімде жаңа нысан салу керек" деген нақты мәлімдеме жасады. Ол аудан әкімдігі мен ШҚО Құрылыс басқармасына заманауи санитарлық және құрылыс нормаларына сәйкес келетін жобаны әзірлеуді тапсырды. Ғимарат бір қабатты және "П" әрпі түрінде болатыны белгілі, сонымен қатар ауланы серуендеу үшін жабдықтау қажет болады. Әкімдік off-take келісімшарты бойынша өз есебінен ғимарат тұрғызып, оны мемлекетке сата алатын кәсіпорынмен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастырады. Мысалы, "Бір қабатты Шығыс" бағдарламасы осындай келісімшарт бойынша салынды.

Облыстық құрылыс басқармасы барлық қажетті құжаттамамен орталыққа арналған ғимаратты бір маусымда салуға болатынын хабарлады. Қазір орталық ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының теңгерімінде. Бірақ онда белсенді медициналық емдеуді қажет етпейтін адамдар тұратындықтан, жаңа ғимарат Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына беріледі. Мекеменің атауы да өзгереді. Ол Жаңақанай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына айналады.

Следующая →