Ұлан ауданында 320 орындық жаңа мектеп ашылды
Ұлан ауданында келесі жылы 600 орынға арналған тағы бір мектеп бой көтеруі мүмкін
Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде жаңа білім ордасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мектептің ашылуына ШҚО әкімі Даниал Ахметов қатысты
Бұл мектеп мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында және өңір басшысының тікелей қолдауымен салынған. Мектептің ашылуы, аудан орталығының бұрыннан келе жатқан проблемасын - оқушы орындарының жетіспеушілігін шешеді
600 орынға арналған жалғыз Р. Мәрсеков атындағы орта мектебінде қазіргі кезде 1450 бала білім алуда. Сондай-ақ, Даниал Кенжетайұлы кенттің дамуы мен халықтың өсуін ескере отырып, келесі жылы 600 орындық тағы бір жаңа мектеп салынады деп уәде берді. Бұл қазірдің өзінде оқу орындарымен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешіп, болашаққа қажетті үлес қосады, - дейді Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.