Бозанбайда "Шығыс салбұрыны" сайысы өтті
Шет елдерден және облыстың 9 өңірінен құсбегілер келіп, атадан қалған өнерді жаңғыртты
Ұлан ауданындағы Бозанбай ауылында Республика күні мерекесіне арналған «Қыран елім - қазағым» атты челленджі аясында «Шығыс салбұрыны» ұлттық спорт сайысы өтті.
Ұлан ауданы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, жарысқа Қазақстаннаң және шет елдерден (МХР, Қырғызстан, Венгрия, Ресей) 30 бүркітпен және 35 тазымен спортшылар қатысты. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы Республикалық «Қыран» федерациясы» Қоғамдық қорының вице-президенті Бағдатхан Мүптекеқызы келіп, сайысқа бас төреші болды.
Қыран құсты (бүркіт) қолға шақыру, Құстың (бүркіт) еркін ұшуы, Бүркітті шырғаға салу, Бүркітті қоянға салу, Бүркітті түлкіге салу, тазы иттерді 1 км қашықтыққа жылдамдыққы жүгірту, асау жылқы үйрету сынды жарыстар болды.
Бозанбай ауылында ұзақ жылдар ұрпағы көз жазып қала жаздаған халыктың асыл дүниесін жаңғыртып, міне екінші жыл қатарынан қазақтың төл өнері, ата-бабадан мирас болып қалған бүркітшілер сайысы Қансонар "Шығыс Салбұрыны" өтуде, - дейді Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев. - Қыран құс ұшыртып, тазы жүгіртіп, асау үйретуді бағдарламаға енгізіп, жас ұрпақтарымыз үшін, сондай-ақ туризмді дамыту мақсатында қолға алып жатқан шарамызға, Қазақстаннан және шетелден (Монголия, Қытай, Қырғызстан) 30-ға жуық бүркітшілер мен тазы асырап отырған адамдар қатысуда. Сонымен қатар, дүние жүзіне танымал бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы келіп, өз өнерін көрсетіп марапатқа ие болды. Шетелден, еліміздің 9 облысынан келген спортшылар сайыстын мерейің асырып жақсы, әдемі өнер көрсетті. Барлық жеңіске жеткен спортшылар арнайы медалдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осы сайыс дәстүрлі түрде өткізілетін болады.