Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлан ауданындағы бірнеше ауыл тұрғындары жаңа баспанаға ие болды

Герасимовка және Сағыр ауылдарында көпбалалы отбасыларға жаңа үйлердің кілттері табысталды

Усть-Каменогорск и ВКО / пос. Касыма Кайсенова (Уланский р-он) / Ұлан ауданындағы бірнеше ауыл тұрғындары жаңа баспанаға ие болды
Фото:
Ұлан ауданы әкімдігінен

Республика күніне орай қос ауылдағы 12 отбасы жаңа баспанаға ие болып, қоныстойларын тойлауда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ұлан ауданында "Бір қабатты шығыс" бағдарламасы аясында осыған дейін 48 отбасыға баспана кілттері табысталған болатын, - дейді аудан әкімі Ренат Құрмамбаев. - Мерекеге орай Сағыр, Герасимовка ауылдарында 12 көпбалалы отбасыға жаңа тұрғын үй кілттері табысталды.

Ұлан ауданы әкімдігі мәлімдеген ақпаратқа сүйенсек, 2021 жылы көпбалалы отбасыларды және кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Ұлан ауданында жалпы сомасы - 331,040 мың теңгеге 12 екі пәтерлі тұрғын үй (24 пәтер) салынды. Оның ішінде: Қасым Қайсенов кентінде 5 үй (10 пәтер), Таврия ауылында 4 үй (8 пәтер), Бозанбай ауылында 3 үй (6 пәтер) бар.

2022 жылы көпбалалы отбасыларды және кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Ұлан ауданында жалпы сомасы - 585,363,2 мың теңгеге 22 екі пәтерлі тұрғын үй (44 пәтер) салынды. Оның ішінде: Қасым Қайсенов кентінде 9 үй (18 пәтер), Таврия ауылында 2 үй (4 пәтер), Мамай Батыр ауылында 2 үй (4 пәтер), Сағыр ауылында 3 үй (6 пәтер), Герасимовка ауылында 6 үй (12 пәтер) бар.

Сонымен қатар, К. Қайсенов кентінде кредиттік тұрғын үй құрылысы жалғасуда.

2022 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Қ. Қайсенов кентінде 80 пәтер, оның ішінде көпбалалы отбасылар мен халықтың басқа да топтары үшін "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша іске асырылатын болады және екі пәтерлі үйлердің құрылысы жалғасуда. Пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына және көп балалы отбасыларға кезекке сәйкес бөлінеді, - деп жазды аудан әкімі әлеуметтік желідегі өзінің жеке парақшасында.

Следующая →