Өскемен
ясно
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Алматы
    +13°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +9°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +2°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +13°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    +8°
  • Шымкент
    +14°
$
538.56
+0.44
625.65
-1.37
¥
75.65
+0.09
6.62
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тоғанас ауылында жаңа демалыс аймағы салынып жатыр

Ұлан ауданында тұратын кәсіпкер "Ауыл аманаты" жобасы арқылы жеңілдетілген несие алып, туризмді дамытуға үлес қоспақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Касыма Кайсенова (Уланский р-он) / Тоғанас ауылында жаңа демалыс аймағы салынып жатыр
Фото:
"Amanat" партиясының ШҚОФ баспасөз қызметінен

Кәсіпкер туризмді дамытумен қатар, ауылдастарын жұмыспен қамтуға да асталысады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жергілікті кәсіпкер Меруерт Бауыржанқызы "Ауыл аманаты" жобасына қатысып, бизнес иесіне қолдау тапты. Бүгінгі таңда Тоғанас ауылында жаңа демалыс үйлерінің құрылысы жүріп жатыр.

Бұл жоба мен үшін үлкен мүмкіндік болды. Өз ауылымда туризм саласын дамытуды армандадым. Қазіргі таңда демалыс үйлерінің құрылысы аяқталу сатысында. Алдағы уақытта бұл жерге жыл он екі ай бойы келушілерге қызмет көрсететін заманауи демалыс аймағы ашылады, – дейді кәсіпкер.

Жаңа демалыс аймағы табиғаты әсем өңірде орналасқан. Мұнда демалушылар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалмақ:

  • жайлы қонақ үйлер мен жылыжай үлгісіндегі демалыс үйлері,
  • балаларға арналған ойын алаңы,
  • отбасылық демалыс аймақтары,
  • табиғи таза тағамдар ұсынатын асхана мен жазғы шатырлы орындар.

Демалыс орны тек жаз мезгілінде ғана емес, жылдың төрт мезгілінде де жұмыс істейтін болады. Қыста қонақтар үшін атқа міну және табиғат аясында демалу, көктем мен күзде экотуризм бағытындағы шаралар ұйымдастырылмақ.

Следующая →