Бозанбайдағы Бүркіттөбеде қызу дайындық жүріп жатыр
"Шығыс салбұрыны – 2025" бүркітшілер фестивалі Ұлан ауданында өтеді

Қазір бұл аумақта 37 киіз үйден тұратын этноауыл бой көтеріп, барлық инфрақұрылым жасақталуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Аумақта дәретханалар орнатылып, жарық пен су тартылған, негізгі сахна да дайын.
Фестиваль алаңында 100-ден астам техника жұмыс істеуде. Сонымен қатар, 250-ден астам адам киіз үйлер тігіп, аумақты безендіруге жұмылдырылған. Қонақтар мен туристердің жайлылығы үшін фотоаймақтар мен қоқыс жәшіктері де орнатылған, - деп хабарлайды ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биылғы "Шығыс салбурыны" көрерменге ұлттық дәстүр мен қазіргі заманның үйлесімін көрсететін ерекше ауқымды шара болмақ.