Өскемен
облачно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +7°
  • Астана
    +6°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +8°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +3°
  • Қызылорда
    +13°
  • Павлодар
    +4°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +10°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +14°
$
530.47
613.75
¥
74.57
6.56
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ертең ШҚО-да халықаралық құсбегілер сайысы басталады

8-11 қазан аралығында Ұлан ауданының Бозанбай ауылында "Шығыс Салбурыны-2025" V мерейтойлық халықаралық фестивалі өтеді

Усть-Каменогорск и ВКО / Касыма Кайсенова (Уланский р-он) / Ертең ШҚО-да халықаралық құсбегілер сайысы басталады
Фото:
Устинка LIVE

Фестивальдің соңғы күні Өскеменнен Бәйгетөбеге дейін арнайы автобус жүреді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ұлттық мәдениет пен этнотуризм саласындағы жарқын оқиғалардың бірі  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі, "Sport Qory" қоры және "Республикалық құсбегілер федерациясы" қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Биылғы фестивальға Қазақстанның әр өңірінен, сондай-ақ Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан және басқа да елдерден қонақтар мен қатысушылар келеді.

Фестиваль бағдарламасы:

  • 8 қазан – қатысушыларды тіркеу, мандаттық комиссия, жеребе тарту;
  • 9 қазан – салтанатты ашылу, ұлттық киімдер шеруі, көрме;
  • 10 қазан – жарақтар көрмесі, құстармен (бүркіт, қаршыға, ителгі) өнер көрсету, тазы иттермен аңшылық;
  • 11 қазан – финалдық жарыстар, марапаттау рәсімі, фольклорлық ансамбльдер мен танымал әртістердің қатысуымен гала-концерт.

11 қазанда "Өскемен-Бозанбай-Бәйге төбе" бағытында арнайы автобус қатынайды:

  • Өскемен қаласындағы "ADAL" автобекетінен сағат 08.00-де
  • Фестиваль өтетін жерден сағат 16.00-де кері қайту

Жол бойы "Эмилия", "Өзен вокзалы", "Фреш маркет", "Сәтпаев", "Сол жағалау полиция бөлімі (жатақхана)", "20-шағын аудан" аялдамаларына да тоқтайды.

Следующая →