Ұлан ауданында саңырауқұлақ теруге шыққан әйел адасып кеткен
9 қыркүйекке қараған түні Ұлан аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 1953 жылғы әйелдің хабар-ошарсыз жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен

Ұлан ауданы Ақтау ауылының шетінде саңырауқұлақ теріп жүрген 71 жастағы кейуана адасып қалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Дереу оқиға орнына жедел тергеу тобы, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары Тимур Қабдуалиев пен Олжас Рамазанов жіберілді. Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен орман шаруашылығының жұмысшылары да қосылды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Іздеу шараларының тиімділігін арттыру үшін топтарға бөлініп, арнайы құрал - жылу іздегіш қолданылды. Бұл жоғалған азаматшаны тезірек табуға мүмкіндік берді. Үйлесімді әрекеттердің нәтижесінде саңырауқұлақ теруші Ақтау ауылының шетіне жақын орналасқан Көк терек аумағынан табылды.
Жоғалған әйелге медицииналық көмек қажет болған жоқ, ол аман-есен үйіне жеткізілді.