Өскемен
малооблачно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +31°
$
521.57
+2.02
601.01
+4.98
¥
72.64
+0.35
6.65
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ұлан ауданында жаңа демалыс базасы ашылады

Соңғы үш жыл ішінде Ұлан ауданында туризм саласын дамыту бойынша 2,7 млрд теңгеге түрлі жобалар жүзеге асырылған

Усть-Каменогорск и ВКО / Касыма Кайсенова (Уланский р-он) / Ұлан ауданында жаңа демалыс базасы ашылады
Фото:
Устинка LIVE

Биыл Шыбындыкөл көлінің жағасында жаңа демалыс базасының құрылысы басталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

-Жаңа демалыс базасының инвесторы - "QaiMak Resort" ЖШС, инвестиция көлемі - 250 млн теңге, - дейді Ұлан ауданы әкімінің орынбасары Лязиза Кенжетаева. - Сонымен қатар, Тарғын ауылында кафе мен санитарлық аймағы бар жол бойындағы кешен ашылады. Бұл аудан бойынша туристік бағыттардың тартымдылығын арттырады. Дубыгалинское, Айыр және Шыбындыкөл көлдерін абаттандыруға, "Багратион" пантамен емдеу шипажайын 40 төсек-орынға кеңейтуге, сондай-ақ тарихи-мәдени нысандар - Аблайкит, Ақбауыр археологиялық кешендері мен Бозанбай ауылындағы Бүркіттөбе алаңын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Сонымен қатар, 7 экскурсиялық маршрут әзірленген, олардың қатарында "Медведка – Тоғанас – Бестерек" экологиялық соқпағы бар. Бұл жерде туристерге ыңғайлы болуы үшін киіз үйлер, бастырмалар, фотозоналар мен баспалдақтар орнату жоспарлануда. Ауыл туризміне де ерекше мән берілуде: қонақтарға дәстүрлі үйлерде тынығып, өңір мәдениетімен жақынырақ танысу ұсынылады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Ұлан ауданына 13,8 мың турист келген, ал орналастырудан түскен кіріс 261,6 млн теңгені құрады. Ауданның имиджі халықаралық деңгейдегі іс-шаралардың, соның ішінде әлемнің түкпір-түкпірінен бүркітшілер жиналатын "Шығыс салбурыны" фестивалінің арқасында нығаюда.

Следующая →