Сібе көлдерінде жазғы туристік маусым ашылады
17 мамыр күні Шалқар көлінің жағажайында жазғы туристік маусым ашылады

Мерекелік бағдарлама сағат 10.00-де басталады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бағдарламада: көңілді концерт; спорттық ойындар мен садақтан оқ ату; атпен, түйемен және баггимен серуен; 4-көлге жаяу жорық, "TOR ALTAI" демалыс орнына экскурсия және "Өмір соқпағы" арқылы қызықты өрлеу. Одан өзге, "Аблайкит" археологиялық кешеніне джип-тур және зерттеуші Б.В. Щербаковтың ерекше таныстырылымы болады. Қазақтың бай мәдениетін, салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарын тамашалайтын этноауыл бой көтеріп, қолөнершілердің туындылары, ұлттық әшекейлер мен кәдесыйлардан шеберлер жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. Ал кештің шарықтау шегі - жұлдызды аспан астындағы би кеші.