Шығысқазақстандық бүркітші қыз өз таңдауын жасады
Белгілі бүркітші Айшолпан Нұрғайыпқызы азаматтық көзқарасын білідіру үшін референдумға келді

Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ол Ұлан ауданы Бозанбай ауылындағы №976 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Айшолпанның бұл әрекеті жастарға үлгі. Оның белсенді өмірлік ұстанымы референдумға қатысу тек таңдау құқығы емес, сондай-ақ әрбір азаматтың міндеті екенін көрсетеді.
Айта кетейік, бүркітші қыз отбасымен Моңғолиядан Шығыс Қазақстан облысына көшіп келген. Алдағы уақытта жергілікті билікпен құсбегілік өнерді дамыту бойынша бірлесіп жұмыс істемек.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Референдум Ұлан ауданы Бүркітші Айшолпан