Алматы-Өскемен тасжолының бойындағы екі учаскедегі жол ашылды
Бүгін таңғы сағат 08.00-ден бастап екі учаскеде көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды
Бұл туралы Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы мәлімдеді, деп деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Абай өңірінде "Алматы-Өскемен" тасжолының 615-967 шақырымдары аралығында орналасқан Жетісу облысы шекарасынан Қалбатау ауылына дейінгі учаске ашық.
Жетісу өңірінде "Алматы-Өскемен" тасжолының 558-615 шақырымдары аралығында орналасқан Үшарал қаласынан Абай өңіріне дейінгі учаске ашық.
Естеріңізге сала кетейік, кеше кеште ауа райының қолайсыздығына байланысты жолшылар күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Мәселен, өткен түнде Абай облысының республикалық маңыздағы күре жолдарына 140 тонна құм-тұз қоспасы себілді.