Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Мүгедек азаматты құлдыққа сатып, ақысын қалтасына басқан

12 жыл бойы құлдықта жүрген Тарбағатай тұрғыны Жарма ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен табылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Калбатау (Жарминский р-он) / Мүгедек азаматты құлдыққа сатып, ақысын қалтасына басқан

Семей тұрғыны психикалық ауытқуы бар тарбағатайлық азаматтың еңбегін пайдаланып келген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысының ПД ақпаратына сүйеніп.

Абай облысының полицейлері жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында адам еңбегін қанау фактісін анықтады.

Жарма ауданының Шар қаласындағы ПБ полиция қызметкеріне өзіне бекітілген аумақтағы шаруа қожалықтарының бірінің иесі хабарласып, жаңа жұмысшы жалдағанын хабарлаған. Шаруа қожалығына келген полиция қызметкері жұмысқа жаңадан кіріскен жалдамалы қызметкердің құжаттарының жоқтығын анықтаған. Жұмысшы өзі туралы сұрақтарға да дұрыс жауап бере алмағандықтан тәртіп сақшысы бір шикіліктің барын сезіп, азаматтың тегін біліп, ол туралы ақпараттарды анықтай бастаған, - деп хабарлайды Абай облысының ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкері жұмысшының әпкесін тапқан. Әпкесі 2010 жылдан бері бауырымен байланыс үзілгенін айтқан. Тергеу барысында 2010 жылдың қараша айынан бастап 26 жастағы ер адамның 11 шаруа қожалығында құлдықта болғаны анықталды.

Бұған дейін бірнеше рет сотталған 54 жастағы Семей тұрғыны 26 жастағы Тарбағатай ауданының тұрғынымен Тұғыл ауылына балық аулауға барғанда танысқаны мәлім болды. Физикалық тұрғыдан жетілген жас жігіттің психикалық ауытқуын байқаған ол осыдан пайда көрмек болған. Яғни, жас жігітті шаруа қожалықтарына жалға беріп отырған. Жәбірленуші 12 жылдан астам уақыт бойы Семей қаласы, Абай, Ұлан және Жарма аудандарындағы шаруа қожалықтарында болған.

54 жастағы азамат шаруа қожалық иелеріне өзін жұмысшы жігіттің туысымын деп таныстырған. Олардан жігіттің еңбегі үшін алдын ала ақы алып, қалтасына басып отырған. Жәбірленушінің жылдар бойы еңбегіне берілген ақы 2 млн теңгені құраған. Сонымен қатар, қаскөй мүгедектің ай сайынғы зейнетақы жинақтары мен әлеуметтік төлемдерін жымқырып отырған. Залалдың жалпы сомасы 4 млн теңгеден асады.

Қазіргі уақытта жәбірленуші туыстарына табысталды, ал күдікті Жарма ауданының аудандық сотымен 128-бабының 2-бөлігі 2, 8, 11, 12-бөлектері (Адам саудасы) және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-тармағының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен қауіпсіздігі орташада колонияда 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Нариман Күлдіков.


Следующая →