Өскемен
ясно
+2°
  • Өскемен
    +2°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +6°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +6°
  • Қызылорда
    +21°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
444.22
+0.37
476.38
+2.08
¥
61.31
+0.06
4.82
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Шар қаласында бір жігітке жабылған бір топ жас ұсталды

Әлеуметтік желілерде Жарма ауданының Шар қаласында топ жастың бір жігітті соққыға жыққаны бейнеленген жазба тараған болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Калбатау (Жарминский р-он) / Шар қаласында бір жігітке жабылған бір топ жас ұсталды

28 тамыз күні әлеуметтік желілерде Шар қаласының аумағында аяусыз жанжалдың бейнежазбасы жарияланды. Нақтырақ айта кетсек, видеодан бір топ жас жеткіншек бір жігітті ұрып-соғып кеткенін көруге болады.

Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары тарапынан бұзақылық фактісін анықтау бойынша тиісті шаралар қабылданды, - деп хабарлады Жарма ауданы әкімдігі. - Жедел тексеру барысында осы оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 293-бабы, 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, жанжалдың барлық мән-жайлары тексерілуде.

Сонымен қатар, жанжал болған күннің ертеңінде дәл осы мәселе бойынша Шар қаласында Жарма ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов Абай облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, Жарма аудандық ПБ бастығы мен қала активі, депутаттар, мектеп пен колледж директорларының қатысуымен жиын өткізген. Алдағы уақытта халықпен, ата-аналармен, оқушылармен тұрақты түрде кездесулер өткізілмек. Өйткені жергілікті халық Шар қаласында осындай басбұзарлықтар жиі орын алатындығына алаңдаулы.



Следующая →