Жарма ауданындағы мектеп құрылысы тамызда аяқталуы керек
Жарма ауданының Қапай Батыр ауылында 100 орындық мектеп салынып жатыр
Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов жұмыс сапарымен Қапай Батыр ауылындағы қарқын алған мектеп құрылысымен танысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Жарма ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
Ғимараттың құрылыс жұмыстары казіргі таңда жоспарлы түрде өз жұмыстарын жүзеге асыруда. Нысанның ішкі сылау, әрлеу жұмыстары аяқталды, - деп мәлімдеді аудан әкімдігіндегілер. - Осыған дейін мердігер серіктестік басшылығы нысанды мерзімінен бұрын қолданысқа беруге күш салатындығын айтқан болатын. Осыған сәйкес құрылыс жұмыстары кешенді жүргізіліп, тамыз айдын аяғында қолданысқа беруді жоспарлап отыр.
Мектептің жылу қазандығы мен спорт залын, санитарлық тораптардың құрылыс жұмыстары назарға алынды.