Абай ауданындағы Тоқтамыс ауылында жаңа мешіт ашылды
Тоқтамыс ауылындағы жергілікті кәсіпкер Әбділдин Ақанның демеушілігімен ұрпақ болашағына қызмет ететін жаңа мешіт бой көтерді
Имандылық пен ізгіліктің үндеушісі - жаңа ғибадат ордасы «Құрман» мешіті ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы қатысып, ауыл тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, Ақан Құрманұлына өз атынан және ел атынан алғыс білдірді, - деп мәлімдеді аудан әкімдігінде.
Игілікті шара ұлттық спорт ойындарымен жалғасып, Әбділдиндер әулеті жеңімпаздарға қаржылай және мотоцикл мен автокөлік табыс етті. Сонымен қатар, ауыл имамына да әулеттің атынан автокөлік сыйлады.
Адамшылықтың озық үлгісін көрсетіп, таудан да биік игілікті іс жасаған Ақан Құрманұлына ауыл жұртшылығы ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.