Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Глубокое ауданындағы жағажай аумағы абаттандырылды

Глубокое ауданында "Таза бұлақ – Таза аумақ" ұранымен "Таза Қазақстан" акциясы өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Глубокое (Глубоковский р-он) / Глубокое ауданындағы жағажай аумағы абаттандырылды
Фото:
ШҚО ішкі саясат басқармасы

Акцияға қатысушылар Глубокое кентінде Киргородок шағын ауданында орналасқан жағажай аумағын абаттандырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жағажайға орындықтар, урналар, барбекю алаңдары, контейнерлік алаңдар, киім ауыстыратын бөлмелер, дәретханалар орнатылған. Сондай-ақ суда жүзу сигналдары бар. Бейнебақылау камералары, ескерту жүйесі орнатылған, – дейді экологиялық акцияға қатысушы Елизавета Қайырбекова.

Балаларға арналған ойын алаңдары және белсенді өмір салтын сүйетіндер үшін футбол, волейбол, теннис алаңдары салынды.

Экологиялық акциялар жалғасуда. Бүгін акция аясында біз өзендер мен жол жиектерін қоқыстардан тазарттық. Бұл шара өзінің жалғасын табатын болады. "Таза Қазақстан" акциясы қоршаған ортаның тазалығын сақтауға ықпал етіп қана қоймай, өскелең ұрпақтың туған өлкесінің табиғатына ұқыпты қарауға деген ұмтылысын тәрбиелейтін маңызды шара деп санаймын, – деп бөлісті Глубокое ауылының тұрғыны Роза Советханқызы.

Айта кету керек, облыста "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының жоғары тиімділігі үшін "Эко сақшы" жобасы басталды. Бірінші эко-тур Самар ауданында өтті, онда Самар ауданының ауылдық округтерінен тағайындалған экопатрульдерді оқыту бойынша семинар ұйымдастырылды. Соңында ауданның эко сақшылары және "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының белсенділері, волонтерлердің қатысуымен Бұқтырма су қоймасының жағасында сенбілік өткізілді.

Жыл басынан Шығыс Қазақстан облысында 204 саябақ пен сквер, 323 тарихи-мәдени ескерткіш және 859 әлеуметтік нысан ретке келтірілді. 6,8 мың су нысаны, 26 субұрқақ, 348 км арық тазартылды. Елді мекендерде 29 мың тонна қоқыс шығарылды.

Қазір өңірде 42 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттерін жөндеу және муралдар салу жұмыстары жүргізілуде. Іс-шаралар елді мекендердің бірыңғай сәулеттік көркін келтіруге бағытталған.

Следующая →