Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да топырақ астында қалған екінші кенші құтқарылды

Құтқарушылар кеше кешке 1991 жылғы азаматты жер бетіне алып шықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Глубокое (Глубоковский р-он) / ШҚО-да топырақ астында қалған екінші кенші құтқарылды
Фото:
ШҚО ТЖД

Кеше Глубокое ауданы Алтай кентіндегі "Ертіс" кенішінде жұмыс барысында қазылған тау жыныстары екі адамды басып қалған болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жұмыс барысында "Ертіс" шахтасының екі үңгушісінің аяқтарының астындағы тау жынысы опырылып кеткен. Олардың біреуі өзі шыға алды. Оған аудандық аурухананың дәрігерлері көмек көрсетті. Екінші әріптесімізге әріптестерінің, апаттық-құтқару тобының, ТЖД мен дәрігерлердің көмегі қажет болды. Шахта мен компания басшылары жұмысшыны алып шыққанға дейін үнемі сол жерде болды. Құтқару операциясы ұзақ уақытқа созылды. Қазіргі уақытта оған облыстық аурухананың дәрігерлері көмек көрсетіп жатыр. Оқиғаның себептерін анықтау және мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін тергеу жүргізіледі, - деп мәлімдеді компания өкілдері KAZ Minerals Тобының ресми Instagram парақшасында.

Сондай-ақ, компания зардап шеккендерге қажетті көмек көрсететінін де жеткізді.

Оқиға орнына дереу ШҚО ТЖД бастығы полковник Ерғали Бахаев және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша қызметтердің өзара іс-қимылын ұйымдастырған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері барды.

Құтқару іс-қимылдары барысында барлық қатысушы қызметтер жұмыс жүргізу кезінде кездесетін қиындықтарға қарамастан үйлесімді жұмыс істеді, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Ерғали Бахаев.


Следующая →