Глубокое ауданында ер адам суға батып кетті
Ол қауіпсіздік шараларын ескермек, жабдықталмаған жерде суға түскен
Фото:
ШҚО ТЖД баспасөз қыметінен
Сүңгуірлер ер адамның денесін су астынан алып шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО ТЖД ақпаратына сүйеніп.
20 маусымда Глубокое ауданы Белоусовка ауылындағы Глубочанка көлінде жабдықталмаған жерге шомылған 1983 жылы туған ер адам суға батып кетті. Белгілі болғандай, ол достарымен бірге су қоймасына келіп, жақын жерде орнатылған тыйым салынған белгіні елемеген, - делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері денені судан алып шықты.