Глубокое ауданында бір отбасыға иіс тиген
Көміртегі тотығымен уланған үй иесі мен оның баласы ауруханаға жатқызылды
Жазатайым оқиғаға қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Глубокое кентіндегі жер үйлердің бірінде тұратын ер адам мен оның екі баласы көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылды. ШҚО ТЖД мамандары болған оқиғаның мән-жайын анықтады - үй иесі жарықтары бар пешті пайдаланған, - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осы орайда айта кетейік, ШҚО ТЖД құтқарушылары көміртегі тотығымен улану мен тұрғын үйдегі өрттің алдын алу үшін ағымдағы жылдың басынан бері 36 000-нан астам тұрғын үйді аралап, күн сайын өңірде 68 000-ға жуық тұрғынға нұсқау таратты. Мамандардың айтуынша, тұрғындар көбінесе мұржаны уақытылы тазартпайды, пештердегі жарықтарға мән бермейді.