Глубокое ауданында өрт болып, бір адам көз жұмды
Бүгін таңғы 03.52 шамасында Глубокое ауданындағы Белоусовка кентінде Свердлов көшесінде өрт шыққан
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде жеке тұрғын үйде шатырдың ағаш құрылымдары, төбе жабындары, терезе және есік блоктары, тұрмыстық техника, сондай-ақ жеке заттар өртеніп жатқан. Барлау жүргізу кезінде 24-ӨСБ қызметкерлері келгенге дейін жедел жәрдем дәрігерлері 1992 жылы туған үй иесін орташа дәрежеде термиялық күйікпен ауруханаға, жансақтау бөлімшесіне жеткізген.
Белгілі болғандай, таңертең ерте оянған ер адам өрт шыққанын байқап, үй ішінен алдымен баласын шығарған. Артынша қайта кіріп, жалынға оранған үй ішінен әйелін іздеп жүргенде өзін от шарпып, қашып шығуға мәжбүр болған. Өкінішке қарай, әйелін құтқара алмады.
1995 жылғы азаматшаның денесін өрт сөндірушілер анықтады. Тілшіс жау 70 ш.м. аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге жеке құрамның 12 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды, - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
ШҚО ТЖД қызметкерлері тұрғын үйді аралау кезінде үй иесіне 2022 жылдың қыркүйегінде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескерту жасалғанын еске салды.