Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Глубокоеде ауыл тұрғындары екі күн жарықсыз отырды

ШҚО-ның бірнеше ауылында қардың салдарынан электр сымдары үзілген

Усть-Каменогорск и ВКО / Глубокое (Глубоковский р-он) / Глубокоеде ауыл тұрғындары екі күн жарықсыз отырды
Фото:
Глубокое ауданы әкімдігінен

Аудан әкімдігі қазір жағдайдың қалыпқа келтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.

Өткен демалыс күндері Глубокое ауданында қалың қар жауған. Соның салдарынан Бобровка ауылының тұрғындары жарықсыз қалды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бірнеше көшеде электр сымдары үзілген.

13 қарашада Өскеменнен Бобровкаға бардым. Жол тазаланбағандықтан әрең жеттім. Қарсы бетте келе жатқан көліктермен өту мүмкін емес. Ауылдағы жолды да қар басқан. Бәлкім осы себептен электриктер электр желілеріндегі ақауларды тез жөндей алмады, өйткені көлікпен өтуге мүмкіндік болмады, - деді Бобровка тұрғыны.

Сондай-ақ, Быструшинск ауылдық округінің әкімдігі Зимовье ауылында сымдардың мұздануы мен қардың қалың жаууына байланысты сымдардың үзілгенін хабарлаған болатын. Бірақ электр қуаты сол күні-ақ ішінара қалпына келтірілген. Бұдан бөлек Тарханка ауылында да электр сымдары үзілген.

2022 жылдың 13 қарашасында қатты желдің салдарынан ауыл аумағында 10 көшеде 37 электр кабелі үзілді. 14-15 қарашаға қараған түні 5 бригада сағат 03.00-ге дейін жұмыс істеді. Электр желісіне қосылмаған 5 көше қалған. Таңертең 7 бригада жұмысқа кірісті. Түске дейін барлық көшелер электр қуатымен жабдықталмақ, - деп хабарлады бүгін Глубокое ауданы әкімдігі.

Следующая →