Құтқарушылар жолда қалғандарға көмекке келді
Жарма және Глубокое аудандарында жолда қалған жолаушыларға құтқарушылар көмектесті
Кеше қар борап, Глубокое ауданындағы "Авиатор" саяжай қоғамында "Ниссан-Патрол" автокөлігі тұрып қалып, жүргізуші мен екі жолаушы жолда қалды, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.
Жолда қалған жолаушылар "112" қызметінен көмек сұрады. Құтқарушылар көлікті тазартылған учаскеге дейін жеткізді. Жолаушыларға медициналық көмек қажет болмады.
Сондай-ақ, кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы бағытындағы автокөлік жолы уақытша жабылған болатын. Сол уақытта Жарма ауданында 133 жолушысы бар 4 автобус жолда қалды.
Күшті қарлы боранның салдарынан жолдағы барлық көлік түрлері қозғалысының тоқталуына байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды, - деп хабарлады Жарма ауданы әкімдігі. - Жолда тұрған 4 автобустағы 133 жолаушы Жарма ауданының Жаңаөзен ауылында орналасқан "Мейірім" спорттық-сауықтыру лагеріне орналастырылды. Жолаушылар ыстық тамақпен, жататын орынмен қамтамасыз етілді.
Сағат 10-да жол ашылып, көлік қозғалысы қалыпқа келтірілді.