Шығысқазақстандық мерген қыз Кореяда топ жарды
Корея Республикасында садақ атудан Әлем кубогі өтті

Фото:
Глубокое ауданы әкімдігінен
Глубокое ауданынан шыққан Аяш Кабдолаева садақ атудан бірінші орынды иеленіп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
32 елдің спортшылары қатысқан додада Аяш жоғары шеберлігін, ерік-жігерін және жеңіске деген сенімін көрсетті. Бұл жеңіс — оның күнделікті еңбегінің, табандылығының және спортқа деген шексіз сүйіспеншілігінің нәтижесі, - деп сүйіншіледі Глубокое ауданының әкімдігі.