Глубокое ауданында жаңа отбасылық амбулатория ашылды
ҚР Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында Верхнеберезовка ауылында жаңа медициналық нысан ашылды

Ескі амбулатория апаттық жағдайда болғандықтар дәрігерлер науқастарды колледж ғимаратында қабылдап жүрген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Амбулатория "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық пилоттық жобасы аясында салынған. Жалпы ауданы 440 шаршы метрді құрайтын ғимаратта 23 кабинет бар. Оның ішінде физиотерапия мен емдік дене шынықтыру бөлмелері, акушер-гинекологиялық кабинет (заманауи видеокольпоскоппен жабдықталған), қақырық жинауға арналған бөлек кабинет және стоматологиялық кабинет бар. Аурухана 25 адамды қабылдай алады, науқастар күндізгі уақытта жатуға арналған 4 төсек-орын қарастырылған. Жаңа амбулаторияның штаттық құрамы толығымен жасақталуда. Жақын күндері қосымша стоматолог-дантист, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы және физиотерапия маманы жұмысқа қабылданбақ.
Ауылда бұрын толыққанды амбулатория ғимараты болмаған. 1951 жылы салынған ескі ғимарат апатты деп танылғандықтан, 2018 жылдан бері дәрігерлер техникалық колледж ғимаратында қабылдау жүргізіп келген, - деді Глубокое аудандық ауруханасының бас дәрігері Мирхат Увазыров. - Жаңа амбулатория санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға толық сәйкес келеді және заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл ауыл тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Жалпы Верхнеберезовка ауылында 1900 адам тұрады. Олардың ішінде 330-ы артериялық гипертония, 110-ы қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тұр. Сондай-ақ ауылда 70 мүгедек жан бар.
Бұл сияқты ауылдық дәрігерлік амбулаториялар мен медициналық пунктер облыс бойынша соңғы үш жыл ішінде салынып келеді. Бүгінгі таңда жоспарланған 36 нысанның 34-і толық аяқталды. Қыркүйек айында барлық нысандарды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, – деді "AMANAT" партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аманбай Нүркенов.