Абай облысындағы орман өрті бүгін толық сөндірілді
"Семей Орманы" МОТР ақпараты бойынша, бүгін түсте Бородулиха ауданындағы орман өрті толығымен сөндірілді
Өртенген учаскенің ауданы 60 000 га құрады, деп хабарлады ҚР ТЖМ. Өрт 14 маусымда сағат 21.00-де оқшауланған болатын.
Өрт оқшауланып, ТЖМ күштері мен құралдары тарағаннан кейін оқиға орнында қайта өрт шықпас үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман өрт станциялары кезекшілік (қарауылдау) ұйымдастырды. Өрттің бүкіл периметрі бойынша патрульдеу жүргізілді, - делінген хабарламада.
Өрт көлемінің одан әрі ұлғаймай, таралуы тоқтағаннан кейін ғана оның оқшаулануы хабарланады. Өрттің қайта жануына жол бермеу бойынша шаралар қабылданып, оның жануы тоқтаған кезде өрт сөндірілді деп есептеледі.