Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бесқарағай ауданындағы эвакуацияланғандардың үйлерін полиция күзетіп жүр

Тілсіз жау кесірінен үйлерін тастап, бас сауғалауға мәжбүр болған тұрғындардың мүлкін тәртіп сақшылары күзетуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Бородулиха (Бородулихинский р-он) / Бесқарағай ауданындағы эвакуацияланғандардың үйлерін полиция күзетіп жүр
Фото:
ашық дереккөзден

Өрт шыққан аумақта өрт сөндірушілерден өзге, полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұландықтар да жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Абай облысындағы жағдай әлі де күрделі. Тәуекел аймақтарында төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге полицейлер және Ұлттық ұланның қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Өрт аумағынан көшірілген елді мекен тұрғындарының үйлерін, жеке мүлкі мен шаруашылық қожалықтарын тәртіп сақшылары күзетуде, - деді Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранов Ішкі істер министрлігінде өткен брифингіде.

Оның айтуынша, бүгінде Абай облысының Бородулиха ауданына қосымша күштер жіберілді.

Тәртіп сақшылары көліктер қозғалысын ұйымдастыру және реттеу, сондай-ақ төтенше жағдай режимі талаптарын сақтауды қамтамасыз етуде. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр, - дейді ол.

Бұған дейін Абай облысындағы өртке байланысты қанша және қандай ауыл тұрғындарының эвакуацияланғаны туралы хабарлаған едік.

Следующая →