Абай облысындағы өртке байланысты жедел желі іске қосылды
Қазір Борожулиха ауданындағы орман өртін сөндіруге 600-ден астам адам жұмылдырылған
Одан бөлек, елді мекендерді 120-дан астам адам елді мекендерді қорғап жүр, деп хабарлайды Устинка LIVE Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінің, жергілікті атқарушы органдардың және Қорғаныс министрлігінің 600-ден астам жеке құрамы, 168 бірлік техника жұмылдырылған, - делінген хабарламада. - 6 тікұшақпен 55 рет жалпы көлемі 154 тонна су төгілді. Өрт сөндіру машиналарына су жеткізу үшін 32 бірлік техника жұмыс істейді. Жергілікті атқарушы органдарадан 122 адам тамақтандыруды ұйымдастыруға және су тасымалдауға тартылды.
Бұдан басқа, еріктілер өрт сөндірушілерге ыстық тамақ, су, азық-түлік және басқа да қажетті заттарды тасымалдауды ұйымдастырды. Оған 60-тан астам еріктілер жұмылдырылған.
Елді мекендерді қорғауға 122 адам және 30-дан астам техника тартылды.
Бородулиха ауылында орман аймағымен шектесетін жалпы ұзындығы 3 км 3 көшеде жер жыртылды: Крупская, Южный шағын ауданы, Пионерская, оған 4 бірлік К-700, 2 бірлік Беларусь (МТЗ) техникалары тартылды.
Бородулиха ауылында Н. Островский атындағы орта мектебінде, колледжде және аудандық мәдениет үйінде эвакуациялық пунктілер жұмыс істейді.
Абай облысындағы табиғи өртке байланысты жедел желі ашылып, ТЖМ және ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31. Сондай-ақ, көмекке мұқтаж халық 112 және 101 телефондары арқылы хабарласа алады, - деп мәлімдеді облыс әкімдігі.