Абай облысында бір отбасы ыстан уланып ауруханаға түсті
Абай облысының Бородулиха ауданында бүтін бір отбасы көмір иісіне уланып қала жаздаған
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазан түнгі 23.40 шамасында Бородулиха ауданының орталық ауруханасынан қоңырау түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Медицина мекемесінің хабарлауынша, бір отбасының 6 адамы көміртегі тотығынан орташа дәрежеде уланған.
Қазір 5 баласы мен анасының жағдайы бірқалыпты, дәрігерлердің бақылауында болып, таңертең үйіне қайтарылған.
Оқиға мұржаның дұрыс тазаланбауы салдарынан орын алып отыр.