Бородулихалықтардың мазасын қашырған көпір жөнделіп жатыр
Бородулиха ауылында екі шағын аудан арасын жалғап тұрған көпір су тасқыны кезінде қауіпті еді
Бородулиха ауылындағы су тасқыны қауіпі қатты аймақтардың бірі - Лесной шағын ауданында жатқан Пионерская көшесіндегі көпір. Қазіргі уақытта көпірді жөндеп жатыр.
Ауданда су тасқынының алдын алу шараларын жүзеге асыру мақсатында бөлінген қаражат есебінен аталған көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Мартышкин» ЖК көпірдің сенімді, көлік нөпіріне және су ағынына төтеп беретіндей болуын тапсырдым, - дейді Бородулиха ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин.
Южный шағын ауданымен жалғап тұрған көпір талай жылдан бері тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып, көктемгі су тасқыны кезінде біршама қиындықтар тудырған. Бүгінгі таңда аталған мәселелердің шешімін табу мақсатында жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.